Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының тапсырмасымен мешіттің әйелдер жамағатына Құран кәрім бойынша діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.
Дәрісті мешіт ұстазы Қанат Мариям Бауыржанқызы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран әліппесі, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы