Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінің шәкірті Құран жарысынан жеңіспен оралды
«Қажыбай қажы» мешітінің шәкірті Құран жарысынан жеңіспен оралды

   ҚМДБ-ның Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша өткен сайысқа Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің шәкірті қатысып,  І орынды иеленді.

«Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының 21 жасар шәкірті Рахым Али Данашұлы айтулы сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, қазылар алқасының оң бағасын иеленді. Қатарластарынан оза шапқан жас қари Ұмра сапарына жолдаманы қанжығасына байлап қайтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz