Center Image
IHSAN.KZ
«Ізгі қоғам өзіңнен басталады» атты семинар өтті
«Ізгі қоғам өзіңнен басталады» атты семинар өтті

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Ізгі қоғам өзіңнен басталады» тақырыбында мешіт жастарына арналған семинар болып  өтті.

Шара барысында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы жиынға қатысқан жастарға «Бірлік», «Ізгілікке шақыру», «Жақсылармен дос болу», «Уақытты тиімді өткізу» сынды тақырыптар аясында насихат айтты. Мешіт жастарын ізгілікке шақырып, қоғамдық жұмыстарға ат салысуға шақырды. Сонымен қатар, жастардың тарапынан туындаған  сұрақтарға жауап берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz