Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде құран дәрістері жалғасып келеді
«Әнет баба» мешітінде құран дәрістері жалғасып келеді

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағатына арналған құран дәрістері жүйелі жалғасын табуда.

Арнайы дәрісті мешіт  ұстаз Айгерім Берікболқызы жүргізуде.  Әр түрлі жастағы шәкірттер бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлініп, тәжуид, құран пәндері бойынша сауат ашуда. 

Дәріс барысында мешіт ұстазы «Құран үйренудегі ықыластың маңыздылығы» тақырыбында насихат айтып, шәкірттерді құран үйренуге ынталандыруға бағыт-бағдар берді.

Дәріс соңында шәкірттердің ілімге деген ынталарын ашу мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып,    сұрақтарға жауап берілуде.

«Кімде – кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Аллаһ пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде – кім Аллаһ пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын»(Хайсәми және ат – Табарани).

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz