Қарағанды қаласындағы шұжық және жартылай дайын фабрикат өнімдерін өндіретін «ABAY AGRO» кәсіпорнының «Волынка» атауымен шығатын өнімдері «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы сертификатын иеленді.
Арнайы сертификатты «Халал Даму» ЖШС-нің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
Аталмыш кәсіпорын «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады. Арнайы стексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның технолог мамандары жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы