Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Адал ас-жан азығы» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты – әйелдер жамағатына адал ас жайында қажетті мәлімет беру. Семинарды Халал Даму ЖШС-ның бас технолог маманы Айжан Қалмаханқызы және технолог Асел Мақсатқызы жүргізді.
Жиында бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Амангелді Дәулеткелдіұлы семинардың мән-мақсатын айтып өтті. Аталмыш жиында технологтар адал ас жайында дәріс оқып, өзі қызмет ететін бөлімнің атқарып жатқан қызметі жайында түсіндірді. Күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттарыдың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттарын айтып өтті. Сонымен қатар, мұсылман баласы астың адалдығына мән бермесе құлшылық пен дұғаның қабыл болуына зияны тиетінін аят пен хадистер аясында түсіндірді. Сондай-ақ, қатысушылардың тарапынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Айгерім Берікболқызы жиналған әйелдер қауымына алғысын білдірді. Шара соңы берекелі дастархан басында жалғасты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы