Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты берекелі шара ұйымдастырылды. Игі шараның басты мақсаты шәкірттердің алды болған қажы апаларға құрмет көрсету.
Игі шара барысында шахматтан чимпион атанған Бекенбаева Марьям Мубаракқызы құрметті қонақ ретінде шақырылып, келелі кездесуде сүбелі сұхбат өрбітті.
Рухани кеште көпке үлгі бола білген өнегелі әже өз өмірінің ізгілікке толы сәттерімен бөлісіп, тәрбие танымдық кештің сәнін кіргізді.
Берекелі басқосуға мешіттің қажы апалары мен шәкірттері Марьям Мубаракқызының жақын жандары қатысты.
Рухани отырыста мешіт ұстазы анаға құрмет көрсету тақырыбы аясында әсерлі уағыз-насихат айтты.
Айта кетейік, шараның басты мақсаты ізгілікті істерімен көпшілікке үлгі болған аналарды дәріптеп, құрмет көрсету. Тәрбие танымдық шара арқылы жастарға өнегенің үлгісін көрсету. Игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы