Center Image
IHSAN.KZ
«Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен  «Ізгі қоғам өзіңді өзгертуден басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Мешіт имамдары, жамағат, ақсақалдар қатысып, қоғам алдындағы дініміздің беделін арттыру, бірлік пен татулықты тұрақты ету бойынша айтылды. Бас имам Нуров Махмуд қажы Нурұлы ізгі қоғам құрудағы мешіттің рөліне ерекше тоқталды. Мешітте атқарылатын әрбір іс-шараның деңгейі, ауқымы, берер пайдасына ерекше назар аудару қажеттігіне көңіл бөлуді тапсырды. Жамағатпен дұрыс қарым-қатынаста болу, жастардың діни білімін арттыруда ата-анамен жұмыс жасауға қатысты да мәселелер қозғалды. Қоғам алдындағы мешіт пен имамның беделіне нұқсан келтірмей, керісінше ізгі ұрпақ тарбиелеуде белсенділік танытуға шақырды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz