Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен «Ізгі қоғам» жылы аясында арнайы кездесу ұйымдастырлды.
Жиында ізгілік, елдегі бірлік, қоғамдағы діннің рөлі, діни сауат, имамдардың білімі секілді бірнеше тақырыпты қамтып өтілді. Бас имам Нуров Махмуд қажы Нурұлы әрбір имам қоғам алдында жауапты екеніне баса назар аударды. Әрбір мәселеге адамгершілік тұрғыда қарап, көркем мінезділік танытып, мәселені сауатты шешуге күш жұмсалуы қажеттігін аса айтып өтті. Жиын барысында имамдар мен қатысушылар жамағатпен бірге ізгілік, мейірімділік, бірлік, татулық тақырыбында кездесулер өткізуге дайындықтарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы