Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен «Ислам ізгілікті діні» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға имамдармен қатар ақсақалдар жамағаты арнайы шақыртылды. Мақсат қарияларымыздың дінмен ұштастыра дінімізді көркем түрдей насихатталуына назар аудару. Дінімізді көркем түрде насихаттау әрбіріміздің міндетіміз. Бүгінде көркем түрде насихатталып жүрген дініміздің қанатын тағы да кеңге жаю баршамыз үшін сауапты іс болары сөзсіз. Бұл кейінгі ұрпаққа да үлгі болып қалады. Сондықтан, қарт ақсақалдарымыздың, көне қарияларымыздың тарихпен, дәстүрмен дінді ұштастыра сөйлеуі орынды болмақ. Осы ретте ислам дінін ғана емес, қазақ дәстүрін де дұрыс бағытта көрсете аламыз. Бұл негізі қаланбай, енді ғана исламға бетбұрған жастар үшін аса маңызды. Бұл жиында осы мәселеге назар бөлінді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы