Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен сәрсенбілік уағыз насихат жиыны тұрақты өткізіліп жатыр.
Осы жолғы кездесуде Құран хатым дұғасы оқылды. Мешіт имамдары жиналған жамағатқа "Дін мен дәстүр" тақырыбында ғибратты әңгімелер мен көркем уағыз айтты. Әрбір кездесу аясында дінімізді дәстүрімізбен ұштастырып насихаттау әдетке айналды деуге болады. Бұл әрине нақты жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді. Жоспар аясында "Дін мен дәстүр" тақырыбы әрқилы сипатта жүргізіледі. Бұл жолы ізгі қоғамды құру үшін дәстүрден бет бұрмай, ата баба жолымен дінді көркем түрде насихаттау және айтылған ілімді дұрыс қабылдау туралы айтылды. Қарағанды қаласының жамағатын апта сайын "Сәрсенбілік дәріске" шақырамыз. Дәрісті мешіт ұстаздары жүргізеді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы