Center Image
IHSAN.KZ
Ислам дінін қабылдады
Ислам дінін қабылдады

   Қарағанды облысы,  Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітіне  келген өзге ұлт өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді.  Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіт имамы   Мурсали Қаленұлы дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.

Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып,  хақ дініндегі бес парызды түсіндірді. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz