Center Image
IHSAN.KZ
Абайда «Дархан дала» жобасы насихатталды
Абайда «Дархан дала» жобасы насихатталды

  Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында «Таймас батыр» мазары зиярат етіліп,бабалар рухына құран бағышталды. 

Шараға Абай ауданының дін қызметкерлері мен ақсақалдары  қатысты.

Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz