Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітіне имам тағайындалды. ⠀
⠀
Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітке жиналған қалың жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқи отырып, «Әлихан Бөкейхан» мешітінің бас имамы Тимурбаев Ақниет Сәлімбайұлын таныстырды. ⠀
⠀Осы кезге дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде наиб имамы әрі "Жат діни ағымдардан сақтандыру" бағытының жетекшісі болып қызмет атқарып келген Ақниет Сәлімбайұлының діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.
Ал, мешіт ақсақалдары жаңа имамның қызметіне береке тілеп батасын берді. ⠀
Сондай-ақ, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде бұған дейін бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Бейбіт Бақытжанұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты. Жергілікті жамағат ат мінгізіп, ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, Бейбіт Бақытжанұлы Ұлытау облысы, Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің имамы қызметіне ауысты.
Тимурбаев Ақниет Сәлімбайұлы
1989 жылы 06 мамырда Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- 2011– 2013жж «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университеті;
- 2013 – 2015жж Әл-Әзһар институты;
- 2015 – 2020жж Әл-Әзһар университеті;
- 2020 – 2021жж Әл-Әзһар университеті (магистратура);
- 2020 – 2021жж Әл-Әзһар университетінің жанындағы «Дәр Әл–Ифта» Пәтуа комитеті».
Еңбек жолы:
- 2017-2020жж Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі және ҚМДБ-нының Мысыр Араб республикасы бойынша барлық қазақ студенттеріне жауапты төрағасы,
- 2020-2021жж Мысыр Араб республикасы бойынша «ТАЛАБА» студенттер қауымдастығының ресми жетекшісі,
- 2022-2023жж «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ. Теолог;
- 2022-2023жж Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 4 тамызынан Қарағанды облыстық “ Әнет баба “ мешітінің наиб имамы әрі облыс бойынша “ Жат діни ағымдардан сақтандыру “ бағытының жетекшісі қызметін атқарып келді.
Үйленген, 3 баласы бар.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы