Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешіті жанынан ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының талаптарына сай мәйітхана ашылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанынан құрылған «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығына бүгінгі талап пен талғамға сай қызмет атқаруды, жұмыстарды жетілдіруді тапсырған болатын.
Осы орайда, Абай ауданының имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен және аймақ имамы Мурсали Қаленұлының мұрындық болуымен жаңа мәйітхана ғимараты бой көтеріп, халықтың қолданысына берілді. Мәйітхананың ашылуына орталықтың Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы, Абай ауданының имамы Асхат Қанайұлы және аймақ халқы қатысты.
Салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған. Шара барысында Бақдәулет Қыдырбайұлы мәйітті жуындыру, оны кебіндеу барысында ескерілуі керек жайттарды түсіндірді.
Ғимараттың ашылу салтанатына жиналған аймақ жамағаты осындай игі істі жүзеге асырған дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Одан кейін, аймақ мешіті жанындағы асханада арнайы жайылған дастархан басында бас қосты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы