Center Image
IHSAN.KZ
Топар кентінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету оралығының семинары өтті
Топар кентінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету оралығының семинары өтті

  Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде өңірдегі жауапты мамандар мен ақсақалдардың қатысуымен «Жаназа және жерлеу рәсімдеріне» қатысты арнайы семинар өтті.

Шара барысында орталықтың жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы жаназ мен жерлеу және зират көтеру рәсімдерінде ысырап пен бәсекелестікке жол бермей бірізділікте болуы үшін Орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жұмыс ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, жаназадан кейінгі ас беру мен зират көтерудің жалпыға ортақ мәдениеті жайында түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, аймақ имамы Мурсали Қаленұлы осы тұрғыдан атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндады.

Жиын соңында ҚМДБ-ның 2020 жылы имамдардың республикалық IV форумында қабылданған «Зират және зиярат» пен «Ас беру» мәдениеттері туралы құжаттары таныстырылып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz