Center Image
IHSAN.KZ
«Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінде кездесу өтті
«Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінде кездесу өтті

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Юсуф Шұғайұлы «Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

 «Дін және ғылым» тақырыбы аясында  жастарға тәрбиелік-танымдық насихаттар айтылып, ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы түсіндірілді. Отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналадағы адамдармен көркем мәміледе болу сынды тақырыптар рухани кездесудің өзегіне айналды.

Сондай-ақ қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – жат ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары мен оның алдын алу жайлы ақпарат берілді.

Жиын соңында дін қызметкері жастардың көкейлерінде жүрген шариғи сұрақтарына тұшымды жауап беріп, студенттерге білім алу жолында сәттілік тіледі.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz