ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан кіші турнир болып өтті.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған доп додасына Қарағанды қаласына қарасты мешіттер арасынан төрт команда жасақталып, өзара бақ сынасты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
Жарыс қорытындысы бойынша қалалық «Әл Машани» мешіті жамағаттары атынан бақ сынасқан команда жеңімпаз атанса,кезекті ІІ орынды Бұқар жырау мешіті жамағаты командасы иеленді. «Қазыбек би» мешіті жамағаты командасы ІІІ орынға ие болып, жүлделі IV орын «Әнет баба» мешіті жамағаттары командасына тиесілі болды.
Барлық командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы