ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкер нәзік жандыларымен рухани кездесу болып өтті.
Сектордың өңір бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының бастамасымен және Абай аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының мұрындық болуымен өткен шарада кәсіпкер әйелдер жамағаты бас қосты.
Кездесу барысында кәсіпкер тұлғалар өз сұрақтарына жауаптарын алып, кездесуді одан әрі жалғастыруға ықыласты екендіктерін білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы