Center Image
IHSAN.KZ
Жамағатқа дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды
Жамағатқа дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды

   Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кешке Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Мұхамедғали Ілиясұлы құрметті қонақ болып, дін мен дәстүр аясында бесіктің ұрпаққа пайдасы, бес парыздың құндылығы турасында ғылыммен ұштастырып насихат айтты.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz