Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінің кілемдері жаңартылды
Абай аудандық мешітінің кілемдері жаңартылды

   Қарғанды облысына қарасты  Абай аудандық орталық мешітінің кілемдері жаңартылды.

Мешіттің жайнамаз кілемі осы уақыт аралығында қаншама мұсылманға қызмет көрсетті. Содан болар кейінгі кездері түсі өңіп, бастапқы реңін жоғалта бастады. Осыған байланысты мешіт имамы Асхат Қаанйұлының бастамасымен мешіттің өңін ашып, шырайын кіргізу мақсатында кілемдерін ауыстыру жайлы шешім қабылданды.

Мешіт кілемін ауыстыру жайлы бастама мешітте құлшылық жасап, рухани ілім үйренуге келетін қалың бұқараның игілігі үшін қолға алынды. Мешітті жаңа кілеммен жабдықтауға дінге жанашыр демеушілер көмек көрсетті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz