Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті жамағаты бас қосты
«Бала қажы» мешіті жамағаты бас қосты

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмуд Нұрұлының ұйымдастыруымен  сәрсенбілік уағыз-насихат  өтті.

 Әр сәрсенбіде жамағатқа дастархан жайып, діни білімді насихаттауда ұстаздардың рөлі ерекше. Бұл жолғы тақырыпты Қалмағанбетов Нұржан ұстаз "Дін мен дәстүр" тақырыбына арнады. Дәстүрімізді дінімізбен сабақтастыра отыру қазақилығымызды жоғалтпауға, құндылықтарымызды арттыруға, жастардың бойына ұлттық руһани тәлім мен тәрбие беруге негіз болады. Дінді енді танып жатқандар да дәстүрмен сабақтасқан ілімді жақсы қабылдайды. Осы мақсатты ұстанған мешітіміздің бас имамы Нуров Махмуд қажы да алдағы уақытта мұндай сенбілік дәрістерді жалғастыра бермек. Дәріс соңында Құран хатым дұғасы жасалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz