Center Image
IHSAN.KZ
Абайда әйелдер жамағаты бас қосты
Абайда әйелдер жамағаты бас қосты

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен аймақтағы әйелдер жамағаты рухани шарада бас қосты. Ережеп айыынң құрметіне орай мешіт ұстазы Арай Серғалиқызының жүзеге асыруымен өткен шара барысында дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.

Мешіт ұстазы барша әйелдер жамағатын қасиетті Ережепайымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде әйелдер қауымы атынан мешіттің қажы апалары осындай керемет отырыс ұйымдастырып отырған дін қызметкерлеріне риясыз алғыстарын жеткізіп,  Арай ұстазға ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz