Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің әйел-қыздар секторы «Берекелі отырыс» атты рухани кеш ұйымдастырды.
Рухани кешті мешітттің үздік шәкірті Мәулен Айша Құран оқып бастады. Берекелі шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстаздары Арай Серғалиқызы және Айгерім Берікболқызы арнайы қатысып, әйелдер қауымын қасиетті Ережеп айымен құттықтады.
«Қажыбай қажы» мешітінің ұстаздары Гүлнұр ұстаз «Білім», Гүлімжан ұстаз «Әйелдердің исламдағы орны», Мариям ұстаз «Рамазанға дайындық» турасында уағыз-насихат айтылды.
Сонымен қоса келген қонақтарымызға арнайы сыйлық берілді.
Барлығы 40 тан аса әйел-жамағаты қатысты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы