Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіттің жанашыр жамағатына арнайы дастархан жайылып, рухани басқосу ұйымдастырылды.
Рухани отырысқа мешіттегі игі шараларға өздерінің еселі еңбектерімен сүбелі үлес қосқан, дін жанашырлары мен аға ұрпақ өкілдері жиналды.
Шара барысында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы жиналған қауымды қасиетті Ережеп айымен құттықтап, өзінің ыстық лебізін айта келе, «Мешіттің жұмысымен белсене араласып, өңірімізде Ислам дінін дамыта түсуіне, жастардың бойына имандылық сезім дарытуда атқарып жүрген игі істеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге Алла Тағала мықты денсаулық, өнегелі де мәнді өмір, ғибратта ғұмыр нәсіп етсін! – деген тілегін білдірді.
Сонымен қатар, Рамазан айына дайындық, қасиетті айлардағы құлшылық тақырыптары аясында насихат айтты.
Берекелі шараның басты мақсаты жамағаттың ауызбіршілігін нығайту және бауырмашылықты арттыру.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы