Center Image
IHSAN.KZ
«АDIASTYK» ұн өндірісі сертификатын жаңартты
«АDIASTYK» ұн өндірісі сертификатын жаңартты

    Қарағанды қаласындағы  «Адиагро» ЖШС «АDIASTYK» наубайханалық ұн өндірісінің  «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды.

Арнайы жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді.

Арнайы жаңартылған сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.

 «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «АDIASTYK»  наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz