Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Әйел қыздар» секторының алғашқы жиыны өтті
Қарағандыда «Әйел қыздар» секторының алғашқы жиыны өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі, ұстаз Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен  өңір ұстаздарына арналған 2024-жылдың алғашқы жиыны болып өтті.

Жиналысқа “Әнет баба” мешіті ұстазы Бакирова Арай, Теміртау қаласы “Жақып Ақбай” мешітінің ұстаздары Бағдат Шәкенқызы, Ақниет Дәуірғалиқызы, Индира Нұртайқызы, Үштөбе ауылдық “Қажыбай қажы” мешітінің ұстаздары Гүлімжан Абдурахимқызы, Гүлнұр Қаныбекқызы, Мариям Бауыржанқызы,  “Бала қажы” мешіті ұстазы Фатима Аманболқызы, Абай қалалық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызы қатысты.

Жиналыс барысында 2024 жылдың жоспары талқыланып, «Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспары пысықталды. 5 бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмалар бекітілді.  

Жиында сектордың жауапты меңгерушісі ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді. Одан өзге жиналыс қортындысында әйел-ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz