Center Image
IHSAN.KZ
«Құран оқып үйрену» дәрісінің жаңа легі басталды
 «Құран оқып үйрену» дәрісінің жаңа легі басталды

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен және «Діни білім және кадр даярлау» бағытының нұқсауымен 2024 жылдың  «Құран оқып үйрену» дәрісіне қабылдау  басталды.

«Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі әрі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының және Үштөбе ауылы “Қажыбай қажы” мешіті ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының жетекшілігімен өткен жиында дәріске жазылған жүзге жуық қыз-келіншек облыс бас имамының атына өтініш жазып, сауалнама парақтарын толтырды.

Шәкірттерге дәріске қатысты ақпараттар беріліп, сұрақтарына жауап берілді.

Айта кетейік, дәріске жазылу алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz