Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін түсіндіру шарасы болып өтті.
Шара барысында мешіт азаншысы Нұрғали Берікқұлұлы мешіт жамағатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, жаназа, жерлеу, ас беру мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсірумақсатында дәріс оқыды.
Сонымен қатар, шараға қатысқан жамағатқа арнайы ақпараттық кітапшалар тарту етіліп, тыңдармандардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы