Center Image
IHSAN.KZ
Шәкірттер ұстазға құрмет көрсетті
Шәкірттер ұстазға құрмет көрсетті

  Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің шәкірттері ұстазға дастархан жайып, құрмет көрсетті.

«Бала қажы» мешітінде біршама уақыт ұстаздық қызметін атқарып келе жатқан Фархад Нұрланұлының тәлімгерлері тұрақты түрде дәріске қатысып ілім алумен қатар әр сенбі жамағатпен бірге жалпы тақырыптық дәрістерге де қатысып келеді. 

Орта Азия медреселерінде қалыптасқан “Мафтона” үрдісі секілді ұстазға разылықтарын білдірді. Мафтона - шәкірттер бір кітапты тәмәмдап жаңа кітапқа кірісерде ұстазға, ілім жолындағы серіктерге дастархан жайып, үлкендердің батасын алатын рәсім. Шара барысында мешіт  имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы білім жолын қуған шәкірттерге тілегім білдіріп, Алладан дұға етті. Ұстаз шәкіртімен мақтанады! Білімді азаматтар қатары арта берсін!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz