Әр апта берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған «Төлеутай ата» мешіті жамағаты «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде "Бірлігі жарасқан жамағат" атты кезекті рухани кеш болып өтті.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеш барысында мешіт жамағатына дастархан жайылды. Мешіт имамы Серік Аманбайұлы жиналған жамағатқа «Пайдалы білім» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы