Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында жүзеге асқан шара барысында мешіт жамағатының құрметіне берекелі дастархан жайылып, ас берілді.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште бірлік пен татулық жайында және алда келе жатқан қасиетті рамазан айына дайындық тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы