Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жамағат аралық сайыс өтті. Сайысқа 15 адам қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанған Саран жамағаты үстел теннисінен қызу ойын өткізді. Жүлделі бірінші орынды Ерік Еркенұлы иеленді. Екінші орынды Абай Елжасұлы алса , үшінші орынды Саран мешітінің азаншысы Ерболат Дәуіржан қанжығасына байлады. Жүлдегерлер арнайы ақшалай сыйлықтар мен алғыс хат , медальдармен марапатталды. Жамағат бірлігін мақсат тұтқан қатысушылар алдағы уақытта да түрлі спорт түрлерінен сайыстарға белсене қатысуға ниет білдірді.
Саранда үстел теннисінен сайыс өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы