ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған «Ханифа» қыздар даму клубының ашылу рәсімі болып өтті.
Сонымен қатар, 1-ақпан орамал күніне орай «Орамалым асыл тәжім» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Шараға 100-ден астам әйел жамағаты қатысты. Кеште құран хатым дұғасын Қарағанды облысы “Әнет баба” мешітінің найб имамы Амангелді Асқаров оқыды. “Халал даму” ЖШС бас маманы Айжан Омарова “Адал ас-жан азығы” тақырыбында ақпарат берді, сонымен қатар арнайы стилист маман келіп киім үлгілерін көрсетті. Өңірдегі барша ұстаздарға сыйлық беріліп құрметке бөледі. Қонақтарға ақ дастархан жайылып, баршасына сыйлықтар таратылды. Түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар табысталды. “Ханшайым” орталығының жетекшісі Меруерт апай өзінің алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы