Center Image
IHSAN.KZ
ТОО «Белстар KZ» мекемесі сертификатталды
ТОО «Белстар KZ» мекемесі сертификатталды

   Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.

Тағамдық қоспалар - тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. Күнделікті қолданылатын бұрыш пен тұз да осы тағамдық қоспалардың қатарына жатады.

«Халал Дамудың» Қарағанды қаласы бойынша жауапты маманы Амангелді Дәулеткелдіұлының қадағалануымен «ҚМДБ халал» сертификатына ие қоспалар тізмі «БелстарKZ», сауда белгісімен шығарылдатын мекемесінің тағамдық қоспаларымен толықты.

«БелстарKZ»кәсіпорнының тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, технолог мамандар мен жергілікті өкілдің бірлескен жұмысының қорытынды нәтижесінен кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz