Center Image
IHSAN.KZ
Шәкірттер арасында «Болашақ қари» атты рухани кеш өтті
Шәкірттер арасында  «Болашақ қари» атты рухани кеш өтті

   Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Болашақ қари» атты мектеп жасындағы қыздар арасында рухани кеш  ұйымдастырылды.

Шара барысында мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы және Мариям Бауыржанқызы  шәкірттерге «Құран жаттаудың маңыздылығы» турасында уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан үзбей дәріске келіп жүрген  19  шәкіртке   арнайы алғыс хаттар табысталды.

«Жеребе» ойыны ойнатылып, үш  шәкірт Құран Кәрімді жеңіп алды.

Рухани кеш соңында   керемет дастархан жайылып, соңы  кино көрсетіліммен аяқталды.

Шараға барлығы 25 шәкірт  қатысты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz