Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құранға түскен шәкірттерге сертификат табысталды.
Салтанатты шараның шымылдығын мешіт имамы Асхат Қанайұлы ашып, шәкірттерге «Құран оқудың артықшылығы», «Білім алудың маңыздылығы» тақырыптарында насихат айтты.
Мешіт ұстаздары Арай Серғалиқызы және Ақбота Қайратқызының мұрындық болуымен өткен шара барысында бір жыл бойы Құран дәрістеріне үзбей қатысып, білім алған шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы