Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Қамқор – шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына жаназа және жерлеу рәсімдері және мәйіт кебіндеу рәсімі түсіндірілді.
Шараға мешіт ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы арнайы қатысып, жамағатқа шариғат бойынша діни рәсімнің жөн жоралғысы жөнінде ақпарат берді.
Дәрісте бөлімнің жауапты маманы жиналған жамағатқа толықтай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаназаға қажетті ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, жамағаттың тарпынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы