Center Image
IHSAN.KZ
Қос мешіттің жастары рухани кеште бас қосты
Қос мешіттің жастары рухани кеште бас қосты

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағыты және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітіне Теміртау қаласы мешіттерінің жастары қонақ болып, екі тарап жамағаты берекелі кеште бас қосты. Жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында бағытталған шарада мешіт жастары дін мен дәстүр бағыты аясында насихат тыңдады. Жастардың құрметіне арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында өткен шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz