Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Ақсақалдар мектебі» кезекті жиналысын өткізді. Қазыналы қарттарымызға мешіттің бас имамы Нуров Махмудқажы Нурұлы бүгінде насихатталып жатқан бес бағыт: дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту және жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша ақпарат айтты. Мұндағы мақсат, сөзі орақты қарияларымыз өздері білім алып әрі мешіттегі жас жамағатқа осы бағыттар бойынша еркін форматта кеңінен түсіндіре жүрсе, қоғамдық орындардажастарға үлгі болып, тәлім-тәрбие берсе деген ниет.
«Ақсақалдар мектебі» аясында жастайынан діни білім алмаған қарттарымызға ислам құндылықтары мен әдебі, діни білім беріліп жатыр. Білім алуға ықыласты қарттарымыздың саны да артып отыр. Өз кезегінде қарияларымыз жастарды білім алуға мешітті сыйлап, құрметтеуге, Алланың сүйіп, парызын орындауға пайғамбарымыздың с.а.с. сүннетін орындауға шақырып, дұрыс бағыт берумен көпке үлгі болуда.
«Ақсақалдар мектебінің» кезекті басқосуы өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы