Center Image
IHSAN.KZ
Саранда «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жүзеге асты
Саранда «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жүзеге асты

   Жылдағы үрдіс бойынша Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Сауапты іске ниет еткен дін қызметкерлері мен ерікті жамағатқа ақсақалдар батасын беріп, дұға жасады. Игі шара ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті тұрғындар мен көшедегі жолаушыларға жәрдем көрсету мақсатында  жүзеге асты.

Бұл қайырымдылық акциясы ары қарай да жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz