Center Image
IHSAN.KZ
«Намаз оқудың жеңіл жолдары» атты рухани шара болып өтті
«Намаз оқудың жеңіл жолдары» атты рухани шара болып өтті

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Әйел-қыздар секторының» жауапты меңгерушісі, ұстаз   Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Ханифа» қыздар даму клубының алғашқы рухани шарасы болып өтті.

 «Намаз оқудың жеңіл жолдары» тақырыбы аясында өткен шараға аймаққа қарасты  жүзге жуық қыз-келіншектер қатысып, рухани нәр алды.

Шараға келген жамағатқа клуб атынан намаз оқуды жеңілдету мақсатында жайнамаз-парақшалары таратылды. Семинарда Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Бағдат Шәкенқызы, «Жақып Ақбай» мешітінің ұстазы Ақниет Дәуірғалиқызы уағыз-насихат айтып, құнды ақпараттармен бөлісті. Семинарда намаз бастауға ниетті қыз-келіншектерге практикалық тұрғыда дәрет алу үлгісі мен намаз оқу үлгісі көрсетілді.

Нәзікжандыларға арналған рухани шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz