Center Image
IHSAN.KZ
«Достық үйі» ғимаратына діни кітаптар тарту етілді
«Достық үйі» ғимаратына діни кітаптар тарту етілді

  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкерлері қаладағы «Достық үйі» ғимаратына ат басын бұрып, мәдени орталыққа діни кітаптар тарту етті.

Облыстық маңызы бар 25 этномәдени бірлестік көнеден сақталып келе жатқан Құран кәрімдермен, діни кітаптармен, дін мен дәстүр тақырыбы аясында жазылған шығармалар жиынтығымен және тағыда басқа еңбектермен толықтырылды.

Шара барысында облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы және дін мен дәстүр бөлімінің жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы ортылқтың қызметкерлеріне облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының сәлемін жеткзіп, шараның мақсатын түсіндірді. Сонымен қатар,  кітаптардың таныстыруын жасап, насихат айтты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz