Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты ақсақалдар жиыны өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен семинарға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы Ербол Мұқанұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты ақсақалдар алқасы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы