Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бала тәрбиесі» тақырыбында семинар болып өтті.
Аймақтық «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен өткен семинар тақырыбына сай алғы сөз сөйлеген «Әл-Мәшани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы "Бала тәрбиесіндегі шариғаттың басты талаптары" атты тақырыпта бала тәрбиесіндегі көңіл бөлу керек болған өзекті мәселелерге тоқталып, шариғат шеңберінде баланың жеке тұлға болып қалыптасуында әсер ететін негізгі факторларды атап өтті. Екінші сөз кезегін ардақты әжеміз Саягүл Қуатқызы бала тәрбиесіндегі әженің ролі, ана сүтімен даритын тектілік жайында өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ дінтанушы, педагог Жанар Әшімқызы "Ананың баласына деген махаббаты" жайында көптеген құнды ақпараттар берді. Семинарға әйел- қыздар жамағаты қатысып, бала тәрбиесі жайында көптеген сұрақтарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы