Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шәшубай мешітінің имамы Аян Сағатұлының ұйымдастыруымен өткізілген "Жақсылықта жарысайық" атты салауат жарысының жеңімпаздары марапатталды.Жарыс әдеттегідей ер-жігіттер мен қыз-келіншектер арасында болды.Бес ай көлемінде айтылған салауаттар саны есептеліп,Жұма күні марапаттау өтілді.Алдымен уағыз бен жұма намазы оқылып,мешіт имамы Аян Сағатұлы келген жамағатқа салауат жайлы насихат айтты. "Жақсылықта жарысайық" атты жарысқа белсене қатысқан қатысушыларды және жарыс жеңімпаздарын марапаттады.Алланың қалауымен бес ай бойы Пайғамбарымыз Мұхаммед(саллаллаху алейхи уәсәләм)-ға жалпы 5 миллионнае астам салауат айтылды Әлхәмдулилләһ. "Жақсылықта жарысайық" атты жарыстың әрі қарай жалғасатыны туралы хабарлама айтылды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп, Пайғамбарға салауат айтуға бұйыруында үлкен мән жатыр. Бұл аяттан Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рахмет етіп, абыройын жоғарылатып, дәрежесін өсіретінін түсінсек, ал періштелер болса сол дәрежені тілеп, дұға ететінін аңғарамыз. Сонымен қатар біз, мұсылмандар, Алланың сүйікті елшісіне үнемі салауат айтуды Алланың екі дүниенің бақытына кенелу үшін бізге бағыттаған бұйрығы деп білеміз. Сондықтан салауатты тастамай, үнемі айтып жүрейік. Бір ғана салауат айту арқылы Алла дәрежемізді арттырып, тілеген дұға-тілегімізді қабыл етеді.
Ер-жігіттер арасындағы жеңімпаздар:
1- орын Дәулетбек Жақанұлы
1924083 салауат
(70000 тг) Қосымша 10000теңге ге товарға Сертификат
2-орын Досым Бейбітұлы
1852975 салауат
(50000 тг) Қосымша 7000 теңге ге товарға Сертификат
3-орын Дидар Айтбекұлы
247937 салауат
(30000 тг) Қосымша 5000 теңге ге товарға Сертификат
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы