«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер арасында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өтті.
Атап айтқанда, ләңгі тебу, асық ату, қол күресі ойындарынан шәкірттер бақ сынасты.
Шараның басты мақсаты «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, қазақи ойын түрлерін жасөспірімдер арасында қайта жаңғырту.
Ойын соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру ретінде қаржылай марапат берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы