Center Image
IHSAN.KZ
Баланы бесікке болеу рәсімі өтті
Баланы бесікке болеу рәсімі өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінде ақ жаулықты әжеміз жас және орта буынға баланы бесікке бөлеу рәсімін жасап үйретті.

 "Бесіктің табаны мен арқалығы талапқа сай жасалған кезде ғана, сәбидің бойы талдай түзу, тарыдай мінсіз болмақ. Қазақта "тал бесік" дейтін бесік түрі бар. Бала осы бесікте жатқан кезде тоңбайды. Суық алмайды, күн шалмайды. Жел, жын-жыбыр, құмырсқа деген секілді әртүрлі жәндік жоламайды. Ол көшіп-қонып жүргенде аттың алдына алып жүруге барынша ыңғайлы. Бала оянған кезде де анасы оны еш қиындықсыз емізе алады. Ең бастысы, шүмегі мен түбегінің арқасында бесіктің іші таза болады дейді” - Әжеміз.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz