Center Image
IHSAN.KZ
«Әжелер мектебі» «Нұр» мешітінде жаңғырды
 «Әжелер мектебі» «Нұр» мешітінде жаңғырды

  «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында Қарағанды облысы  Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен  «Әжелер мектебі – қызды қырық үйден тыйым» атты семинар болып өті.

Жиын барысында қоғамдағы қыз балаларымыздың тәрбиесі, жас отбасыларға кеңес беру және жанұялардың ажырасуының алдын алу бойынша семинарларды өткізу мәселелері көтеріліп, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды. 

Шараның басты мақсаты бұхара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын әжелер мектебін жаңғырту. Сол арқылы дәстүрлі дін мен қазақы тәрбиені насихаттау.

Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы әжелердің қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  әжелер институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz