Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралы ауданының имамы аймақ әкімімен кездесті
Қарқаралы ауданының имамы аймақ әкімімен кездесті

   Қарқаралы аудандық Құнанбай қажы мешітінің имамы Кублайханов Митератбек Орынбекұлы Қарқаралы ауданының әкімі Арғынов Әділжанмен кездесті. Кездесу барысында Қарқаралы аудан діни ахуал мәселесі талқыланды.

Шаһар басшысы жергілікті аудан, ауыл имамдарына қолдау білдіруге әзір екенін жеткізе отырып, қаладағы жастардың имандылыққа бет бұруы мен аймақтың діни қал-ахуалы өзекті мәселелер қатарында екенін айтты. Сол себепті ортақ жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Кездесу соңында аудан әкімі Митератбек Орынбекұлының қызметіне сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz